Ыстық тамақпен қамтылу » №35ОРТА МЕКТЕП
Қабылдау бөлімі :
+7(727525) 54-38
Есепші бөлімі:
+7(727525) 54-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақпен қамтылу
27
февраль
2020

Ыстық тамақпен қамтылу

Аудан көлеміндегі 11, 35 орта мектептерінде оқушылардың уақытылы, дұрыс тамақтануы басты назарға алынған, асханаларының тазалығы санитарлық талаптарға сай, оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Жаңа оқу жылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін тамақтандуыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде ЖББҚ есебінен көп балалы, толық емес, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен №35 орта мектебінде 62 оқушы, №11 орта мектебінде 252 оқушы тегін тамақтанады. Кесте бойынша комиссия мүшелері мектеп асханасының жұмысын тексеріп отырады. Әкімшілік, мұғалімдер тарапынан кезекшілік өз деңгейінде өткізіледі. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар асхана жұмысын жақсы деп бағалайды. Ата-аналардан алынған сауалнамаларда мектеп асханасының жұмысына оң баға беріп, ризашылықтарын білдіруде.



Похожие публикации:

27 февраль 2020 Ыстық тамақ
23 январь 2020 Жаңа жыл 2020
17 январь 2017 Мектеп паспорты