Протокола попечительских советов за год » №35ОРТА МЕКТЕП
Қабылдау бөлімі :
+7(727525) 54-38
Есепші бөлімі:
+7(727525) 54-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Протокола попечительских советов за год
14
март
2018

Протокола попечительских советов за год

«№ 35 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
жалпы ата-аналар жиналысының
хаттамасы № 1

Өткізілген күні: 02.09.2017ж
Қатысқаны:62 ата-ана
Өткізілген орны: «№35 орта мектеп»
МКМ акт.залында
Өткізілген уақыты: сағат 17.00
Мектеп директоры:Т.Исаева
Хатшы:Л.Сағымбаева


Күн тәртібінде:

1.2017-2018 оқу жылында ата-аналар ұйымынан қамқоршылық кеңес құрамын құру, жұмыс жоспарын бекіту.
/мектеп директоры Т.Исаева/

2.Зорлық-зомбылықтың алдын-алу, болдырмау, және оның шығу себептеріне ерекше көңіл бөлу жұмыстарын жүргізу.
/ДТІЖО К.Майлыбаева/

3. Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі туралы.
/мектеп кіапханашысы Д.Аймамбетова/

4. Әр түрлі мәселелер.

Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Т.Исаева сөз алды. Биылғы оқу жылы жаңа талаптармен ерекшеленеді. Осыған байланысты 2017-2018 оқу жылы бескүндік оқуына және сабақтар 40 минут болатыны туралы ережелерімен таныстырды. Білім беру жүйесінің күрделі өзгергені туралы айтылды. Білім және ғылым министрінің хатына сәйкес ата-аналар құрамынан «Қамқоршылық кеңес»деген топ құрылуы керектігін және оның ережелерімен танысып, хатшысын сайлап құрамын бекіту ұсынылды. Кеңес құрамы 3 адамдардан тұру екені айтылды. Ұсынылған Нурахманова С.-төрайымы, Еменова С.-төрайымның орынбасары, Сағымбаева Л.-хатшысы болып сайланды. Әр жүргізілетін жұмыстарды әсіресе қаражатқа байланысты акт жасалынып, қол қойылып, өткен жиналыстарда қаралып отыру керектігін жеткізді. Жаңа оқу жолына жоспармен және отырыс мерзімдері хабарландырып отыратындығы айтылды.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Майлыбаева сөз алды. Өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуге, отбасы, мемлекеттің негізгі буыны болып табылады. Ата-ана өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы, елінің сыйлы азаматы, келешектің жас ұланы, ұрпағы болып өсуіне ықпал етуші. Зорлық-зомбылықты болдырмау оның алдын алу және оның шығу себептеріне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Мектебімізде осы мәселелердің төңірегінде тәрбие сағаттарын, кездесулер, әр түрлі іс-шаралар өткізілетіндігі айтылды.
Үшінші мәселе бойынша мектебіміздің кітапханашысы Д.Аймамбетова сөйледі. Сөйлеуші өз сөзінде мына категориядағы оқушыларға бірінші берілетіндігін хабарлады. Ол жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға беріледі. Мектеп бойынша 1 мүгедек бала бар ол-Чернышов Д. Тегін кітаппен қамтылады. Биыл 1,2,5,7 сыныптар жаңа бағдарлама бойынша білім алуда, осыған байланысты кітаппен қамту толық ата-аналардың жауапкершілігіне жататындығын айтты.
Төртінші мәселе бойынша әр түрлі сұрақтар қаралды. Оқушылардың мектеп формасы, түнгі рейд іс-шаралары туралы сөз қозғалды. Мектеп формасының үлгісі слайд арқылы ұсынылды. Түнгі рейд бойынша ата-аналар тарапынан ұсыныс берілді. Кесте құрылып, көше бойынша топтар белгіленді.

Шешімі:
1.2017-2018 оқу жылына «Қамқоршылық кеңес» құрылып, бекітілсін.
2.Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары қолға алынсын.
3.Оқушыларға жетіспейтін оқулықтармен ата-аналар тарапына міндеттелсін.
4.Қаралған мәселе бойынша назарға алынсын.


Төрайымы С.Нурахманова
Хатшы Л.Сағымбаева














«№ 35 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
жалпы ата-аналар жиналысының
хаттамасы № 2

Өткізілген күні: 22.12.2017ж
Қатысқаны:68 ата-ана
Өткізілген орны: «№35 орта мектеп»
МКМ акт.залында
Өткізілген уақыты: сағат 15.00
Мектеп директоры:Т.Исаева
Хатшы:Л.Сағымбаева


Күн тәртібінде:

1. І жартыжылдықтың қорытындысы. Оқу үлгерімі.
/К.Джумабаева/

2. І жартыжылдықта «Рухани-жаңғыру» болашаққа бағдар бойынша атқарылған жұмысы туралы.
/ДТІЖО К.Майлыбаева/

3. Әр түрлі мәселелер.

Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойыншв директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сөз алды. Мектеп бойынша 227 оқушы. Мына тоқсаның аяғына бір оқушы кетті ол 10а сынып оқушысы Шамуратова Бибигүл. Мектеп бойынша 22 класс комплект, соның оқу үлгерімі жақсы сынып 1-4 сыныптар арасында 4а сынып оқушылары, ал 5-11 сыныптар арасында 9б сынып оқушылары. Оқу жылы І жартыжылдық білім сапасы 1-4 сыныптар-62%, 5-9 сыныптар-58%, 10-11 сыныптар-43 %.
Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Майлыбаеваға сөз берілді. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туындайтын «Туған жер» жобасын жүзеге асыру аясында болашақта мектепте «Туған өлке тарихы» сабақтарын өткізу, ескерткіштерге экскурсиялар жасау. «Таза көше» және «Таза ауыл» акцияларын өткізу, ашық аспан астындағы муражай салу туралы ұсыныс айтту, туристік карта жасау, жас тарихшылар слетін жас өлкетанушылар форумына қатысу және басқа да өрелі істерді жүзеге асыру жоспарланған. 2017 жылдың 2 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларымен жиын аяқталған соң, әр сынып жетекшісі «Болашаққа бастар жол» жобасыцна байланысты «Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт»,-делінген Елбасы мақаласында. Осыған орай Алматы облысы білім басқармасының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 42-42/1929 хатына сәйкес, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2017 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында 9-11 сынып оқушыларымен «Туған жер, Рухани жаңғыру» атты тақырыпта шығарма байқауы ұйымдастырылып,өткізілді. Байқауға әр сыныптан оқушылар қатыстырылды. Шығарманың мақсатты туған өлкеге деген сүйіспеншілік, табиғатқа қамқорлықпен қарау, тарихқа және мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. «Туған жер» атты шығарма «Ең үздік шығарма» деп танылды. Орындаған 9а сынып оқушысы Тұңғышбаева Назира. Берілген тақырыптың маңыздылығын терең ашып, көзқарасын көрсете білді. Бұл шығарма білім бөліміне өткізілді, нәтижесі күтілуде. «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша «Өлкетану» курсы ұйымдастырылып, жоспары құрылып, бекітілді. Жетекші болып география пәнінің мұғалімі Н.Мамытова болып тағайындалды.
Үшінші мәселе бойынша әр түрлі сұрақтар шешілді.
Шешімі:
1. І жартыжылдық бойынша қорытындысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Рухани жаңғыру бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізіліп, жұмысы жандандырылсын.
3. Ағымдағы мәселе назарға алынсын.

Кеңестің төрайымы С.Нурахманова
Хатшысы Л.Сағымбаева

Похожие публикации:

17 январь 2017 Мектеп паспорты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив