МИФ қорытындысы » №35ОРТА МЕКТЕП
Қабылдау бөлімі :
+7(727525) 54-38
Есепші бөлімі:
+7(727525) 54-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2020

МИФ қорытындысы

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: М. Базгиев – математика пәнінен «Умножение десятичных дробей» тақырыбында 5 «б» сыныбында, Б. Имбетова алгебра пәнінен «Негізгі тригонометриялық өрнектерді түрлендіру» тақырыбында 9 «а» сыныбында, К. Серикбаева физика пәнінен «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену» тақырыбында зертханалық жұмыс 10 «а» сыныбында, О. Квасова физика пәнінен «Закон Всемирного тяготения» тақырыбында 7 «б» сыныбында, С. Еменов информатика пәнінен «Поиск информации» тақырыбында 3 «б» сыныпта, С. Бектуғанов информатика пәнінен «Каскадты стильдегі кестелер» тақырыбында 10 «а» сыныпта, А. Әбілғожа физика пәнінен «Механикалық жұмыс» тақырыбында 7 «а» сыныпта ашық сабақтар өтті. Бұл ашық сабақтар өте қызықты, жоғары дәрежеде өтілді, бірлестік мұғалімдері және мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі М. Ибрагимова қатысып, сабақ соңында талдау жасады. Сабақта толық жоспар жүзеге асырылып, мақсатына жетті. Айтылған ескерту кейбір мұғалімдерде: білім бағалауда уақыт жетпеді. Сонымен қатар сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді: Б. Имбетова мен М. Базгиев 5-7 сыныптар арасында «Математикалық пирамида» ойыны, О. Квасова – 7 сыныпта «Инерцияны айыптау» , 8- 10 сыныптарда «Білімді ұрпақ- ел тірегі» , С. Еменов, С. Бектуғанов – 5-7сыныптарында «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалдық сайыстар және олар 7-11 сынып оқушыларымен «Математикасын дамытқан ел-дамушы ел» (Математика, Информатика, Физика) тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойыны қызықты кешін өткізді.

Іс – шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды,ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды. Апталық барысында әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға математика пәні олимпиадасында мүмкіндік алды. Зияткерлік қашықтық олимпиадаларына 5-10 сынып оқушылары қатысып, I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.Олимпиадаға 5-10 сынып оқушылары қатысты. 5-11 сыныптар арсында апта бойы «Мақал- мәтел – сандар әлемінде» атты қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын - 6 сынып, II орын -10 сынып, III орынға- 5 сынып ие болды. Пәндер бойынша 5-11 сыныптарда жұмыс және бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді.Олимпиада, сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол


болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
МИФ қорытындысы


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив