02
октябрь
2025
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мен, Дюсембек Жания Маратқызы, 1996 жылы 11 қыркүйекте Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келдім. 2003-2014 жылдар аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, 35 орта мектепте оқып, 2014-2018 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығында бакалавр бөлімін жоғары дипломмен аяқтадым. 2019 жылдан бастап өз мамандығым бойынша жұмыс жасап, 2024 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданы, 53 мектеп-гимназиясында жұмыс жасадым. 2024 жылдың 17 желтоқсаннан бастап Алматы облысы, Алатау қаласы, 9 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін. 2025 жылдың 02 қыркүйек айынан бастап Алматы облысы, Алатау қаласы, 9 орта мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.