27
февраль
2025
Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Мен, Искакова Динара Мазановна, 1981 жылы 19 қарашада қазіргі Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1988 жылдан 1994 жылға дейін Үржар ауданы Көлдедең ауылындағы Көлденең орта мектебінде оқыдым. 1994 жылдан 1999 жылғы дейін Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектебін бітірдім. 2001 жылы Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түсіп 2006 жылы аяқтадым. 2006 жылдан 2012 жыл аралығында Алакөл ауданы Қайнар ауылындағы Қайнар орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2012-2022 жыл аралығында қазіргі Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданындағы №3 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2023-2024 оқу жылында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқардым. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алатау қаласы, Жаңаарна ықшам ауданындағы №35 орта мектебінде директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмысқа тұрдым.
2006 жылы тұрмыс құрдым. Жолдасым - Искаков Алим Рысжанович жоғары білімді Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың орынбасары болып қызмет атқарады. Екі қыз, екіұлым бар. Үлкен қызым Әлімқызы Ақбота - «С.Асфендияров атындағы медициналық университетінің» студенті. Әлімқызы Ақерке мен Әлімұлы Бақнұр – мектеп оқушылары, ал Әлімұлы Мұрагер балабақшаға барады.