Мектептің негізі 1930 жылы бастауыш мектеп болып қаланған. 1970 жылы "Рассвет” кеңшарының Жаңа арна бөлімшесінде бастауыш сыныпы мектебі, 1986 жылдан"Мектеп балабақша”, 1993 жылы орталау мектеп, 1998 жылдан орта мектеп болып, қайта құрылды. 1989 жылы Ы.Алтынсарин атындағы институтпен бірігіп мұғалімдер ашық сабақтар көрсетіп, балабақшамен 1сыныптың сабақтастығы туралы зерттеу жұмысын жүргізді. 1990-1993 жылдары Мәскеу қаласының ғалымдары 6 жасар балаларды оқыту, тәрбиелеу ретінде эксперимент жүргізді.1997 жылдан бастап білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрларыбіліктілігін арттыратын Республикалық институты педагогикалық маркетинг және менеджимент кабинетінің шағын жинақталған мектептердің базалық мектебі ретінде зерттеу жұмысын жүргізуде. 1999 жылдан бастап білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігінарттыратын Республикалық институты педагогикалық маркетинг және менеджимент кабинетінің ұйымдастыруымен "Шағын жинақталған мектептердің мәселелері т.б.” тақырыптарында жыл сайын Республикалық, облыстық семинар өткізілді.2000 жылы 1 қыркүйекте Алматы облыстық білім басқармасыныңББ №0000564 білім беру қыметімен айналысуға Алматы облысы Іле ауданы №35 орта мектепке "Мемлекеттік лицензия” берілді. 2002 жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты "Шағын жинақталғанмектептерде пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді пайдалану жолдары” атты әдістемелік нұсқау ретінде кітапша шығарды. 2003 жылы 7 қарашада Алматы облыстық білім департаментінің АА №0013070лицензиясына сәйкес тұрақты бағыттағы жалпы орта мектеп статусы берілді.2012 жылымектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.2014 жылы жаңа электрондық лицензия берілді.