12
август
2025
«Мектепке жол» – бала болашағына бейжай қарамайық!
«Мектепке жол» – бала болашағына бейжай қарамайық!» ұранымен республикалық 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» акциясы өтетіндігі туралы үңдеу хаттар, хабарламалар таратылды. Мектептің әлеуметтік желілеріне хабарламалар күнделікті салынуда. «Мектепке жол» акциясы – Қазақстанда жыл сайын өткізілетін республикалық қайырымдылық шарасы. Ол жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Алатау қаласының әкімдігінің атынан көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасынан шыққан 7 оқушымызға мектеп формасы, ақ жейдесі, аяқ киімі, мектеп сөмкесі және де басқа керекті заттарын әр балаға шаққанда 46000 мен 51000 арасында көмек көрсетті. Оқушылардың күлкісіне себеп болған жанашыр жандарға аналары қуанып ризашылықтарын айтып жеткізуде.
Сіз де үлес қосып, бір баланың қуанышына себепкер бола аласыз! ❤️