Алматы облысы Іле ауданы Жаңаарна ауылы 35 орта мектебінде "Отбасы тәрбие басы, мектеп -тәрбие жаршысы " тақырыбында 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаты өтті.
1 қазан "Қарттар күніне" орай қарт кісілерімізге арналған "Қарттарым-қазынам" атты кеш ұйымдастырылды. Кеште ауылымыздың ардақты карт кісілеріне мадақтамалар табысталды.
Алматы облысы, Іле ауданы, "№ 35 орта мектебінің" оқушылары «Сүйінбай- дәуірдің дара ақыны» атты жылжымалы көрмеге қатысу мақсатында Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне саяхаттап, білімдерін шыңдай түсті.
"Ұлы қолбасшы Балпық би бабаның 325 жылдығына" орай " Бабалар аманаты-ұрпақ борышы" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өтті.
1-11 сынып оқушылары арасында темір жол және автомобиль жолдарынан, ашық люктер жанынан дұрыс өту, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстары