“Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат” қалалық семинар » №35ОРТА МЕКТЕП
Қабылдау бөлімі :
+7(727525) 54-38
Есепші бөлімі:
+7(727525) 54-38
Версия для
слабовидящих
» » “Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат” қалалық семинар
09
май
2025

“Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат” қалалық семинар



СІЛТЕМЕ​​​

2025 жылдың 8 мамыр күні Алатау қаласы, “№9 орта мектеп” КММ -де “Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты : оқушыларды ұлтжанды азамат болып өсуіне, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Семинарды мектеп психологы А.Шинбаева “Кемедегі капитан” психологиялық тренингімен бастады . 7 “А” сынып жетекшісі Н.Рахмитуллаева “Бақыт гүлін терген күн” , және 7. “Б” сынып жетекшісі М.Еменова “Это праздник со слезами на глазах” тақырыбындағы сынып сағаттарын көрсетті. “Ұлы Жеңіске - 80 жыл” атты мерекелік концертте музыка пәнінің мұғалімі И.Усенбаева “Әлия” әнін, 9 “Б” мен 10 “Б” сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ш.Альжанова “А на утро донесла разведка” сахналық көрінісін, 9 “А” сынып оқушылары, сынып жетекшісі Ж.Дюсембек пен тарих пәнінің мұғалімдерінің дайындауымен “Бауыржан Момышұлы - ерлікке тағзым” атты сахналық қойылымдары қонақтарымыздың жүректеріне әдемі әсер қалдырды. Концерт барысында Алатау қаласының “Әжелер ансамблі” орындауында “Катюша” әні, мектебіміздің биші оқушыларымыздың “Дети войны”, және де мектеп түлегі Н.Алимтаев орындауында “ҚР Гимні” мен “Атамекен” әндері айтылды. Семинарға қатысушылар мен қонақтар мектеп директоры Г. Рахымбаеваға және мектеп ұстаздарына өз ризашылықтарын білдіріп, мектепке жақсы тілектерін айтып кетті. Кері байланыс берген семинар қатысушылары көрсетілген ашық сынып сағаттарын үлкен дайындықпен дайындалғанын айтып өтті. Барша ел қауымын келіп жеткен “Ұлы Жеңіске - 80 жыл” күнімен құттықтаймыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив